Архив событий

19/03/2015

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды толтыру мәселесі талқыланды

19/03/2015

 

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды толтыру мәселесі талқыланды» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, судьялары, Астана қаласының ІІД-нің ювеналды полиция бөлімінің басшысы, Астана қаласының Сарыарқа, Алматы, Есіл аудандарының ювеналды полиция құрылымдық бөлімінің басшылары қатысты.

Астанада кәмелеттік жасқа толмағанды өлтіру туралы іс бойынша сот үкім шығарды

19/03/2015

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «д» тармағымен, 24-бабы 3-бөлігімен, 96-бабы 2-бөлігінің «а,к» тармақтарымен (яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру, аса атыгездікпен жасалған және басқа қылмысты жасыру мақсатында екі адамға қатысты кісі өлтіруге оқталған) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған кәмелеттік жасқа толмаған М-ге қатысты үкім жариялады.

Ашық түрде бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілік

19/03/2015

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ашық түрде бөтеннің  мүлкін ұрлаған  К-ға қатысты үкім шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасында (жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот отырысында сотталушы К. өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.