Архив событий

16/03/2015

Есірткі заттарын тасымалдауға әрекет еткені үшін жауапкершілік

16/03/2015

Есіл ауданының № 2 аудандық соты Қазқастан Республикасының шекарасынан заңсыз есірткі заттарын тасымалдауға әрекет еткен Палестина босқыны Т-ның қылмыстық ісін қарады. 

Іс материалдарынан «TURKISHAIRLINES» авиакомпанииясының  «Стамбул-Астана» хабарлауымен ТК-354 авиарейсіне кедендік тексеріс өткізу кезінде палестиналық Т-дан жалпы салмағы  -0,16 гр. есірткі заты – гашиш табылып,  алынған.

Сот актілерін орындау құқықтық практиканың маңызды бөлігін білдіреді

16/03/2015

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы: мемлекеттік баждардың өндірілуі және жоғалып қалған атқару құжаттарын қайта қалпына келтіру» атты дөңгелек үстел өтті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен міндеттерін қорғау болып табылады.  Бірақ, бұл қорғау соттың шығарылған шешімдерін уақытылы және тиімді орындаған жағдайда толық жүзеге асырылады. Атқару өндірісі сот ісін жүргізудің қорытынды және аса маңызды сатысының бірі болып табылады.

Спирт ішімдіктерін ішу салдарлары

16/03/2015

 

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты аса ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмаған А-ға қатысты қылмыстық істі қарастырды.

Сотта анықталған істің мән-жайларына сәйкес, азамат А. мен аз. К. спирт ішімдіктерін  ішіп отырған. Мұның соңы дау-дамайға ұласып, арты жәбірленушінің қаза болуымен аяқталды.