Архив событий

30/03/2015

Ашық есік күні

30/03/2015

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.               

Аталмыш шара адамның және азаматтың конституциялық, азаматтық және өзге де құқықтарын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Шараға Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы Г.Д Былқылова, Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі К.Ким, Қаз.ГЗУ, Еуразия университетінің заң факультетінің студенттері қатысты.

Сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл

30/03/2015

Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін  (Сот үкімін, сот шешімін және өзге де сот актісін және орындау құжатын орындамағаны үшін)  азаматша Н-ға қатысты әкімшілік іс қарастырылды.

Азаматша Н. аудандық соттың борыш сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын орындамаған.

«Амантай» ЖК мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы болып танылды

30/03/2015

«Целиноград ауданының білім беру бөлімі» ММ «Амантай» ЖК-ні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа арызбен шағымданды.

«Амантай» ЖК баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған.

Жауапкер шарт жобасын электрондық пошта арқылы алып, қол қойылған шартты ұсынбаған, осылайша ол мемлекеттік сатып алу туралы шартты бекітуден жалтарған. 

«Құқықты уақытылы қорғау» тақырыбына брифинг

30/03/2015

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Құқықты уақытылы қорғау» тақырыбына брифинг өтті.

Іс-шараға сот төрағасы – С.М. Өскембеков,  Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы – Ж.М.Ли, сондай-ақ Астана қаласының прокуратурасы өкілі – С.Р.Түйжанова  қатысты.

Есірткі заттарын сату – халықтың денсаулығына төнген қауіп

30/03/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты есірткі заттарын сатушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Азамат С. сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтаумен және оларды аса ірі көлемде сатумен байланысты аса ауыр қылмыс жасаған.

2015 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласында нашақорлықтан зардап шегуші, есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысушы азамат С. өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша үйдің ішінде азамат А-ға ірі көлемге жататын салмағы 1,36 гр. героин сатқан.