Архив событий

06/03/2015

Астана қалалық сотында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

06/03/2015

Бүгін көктемгі жарқын мейрам қарсаңында Астана қалалық сотында Халықаралық әйелдер күні 8 наурызға арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Астана қалалық сотының судьялар корпусы мен құрметті отставкадағы ардагерлер қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлігі Астана қалалық соты төрағасының сөз сөйлеуімен басталды, ол ардагер әйелдерге өзінің ең жақсы тілектерін білдіріп, олардың  сот жүйесін дамытуға қосқан зор үлестері үшін алғысын білдірді.

8 Наурыз қарсаңындағы салтанатты іс-шара

06/03/2015

Астана қалалық сотында өткен 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты шарада Астана қалалық сотының Кеңсе басшысы Ренат Тауымбеков құрметті ханымдарды айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Сонымен бірге кеңсе басшысы еңбегімен елеңген кеңсе мамандарын Алғыс хаттармен марапаттап, ақ тілегін арнады.