Архив событий

13/03/2015

Абайсызда қазаға ұшыратуға әкеп соқтырған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

13/03/2015

Жылдан жылға адамға қатысты қылмыстар кеңінен жайылып барады, оның бірі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.

2014 жылғы 10 қарашада, бірлесе отырып ішімдік ішу барысында, «Б» және оның бірге тұрушы көңілдесі «К» арасында бір-біріне деген жеке жеккөрінішті қарым-қатынас негізінде кезекті ұрыс шыққан. Одан кейін «К» денесінің әртүрлі жерлерінен «Б»-ны соққыға салған, сонымен қатар асхана пышағымен сол жақ иық алдына кесілген жара түрінде дене жарақанын тигізген, ол денсаулығына жеңіл зиян келтіру ретінде сараланады.

Алқабилерге үміткерлермен кездесу

13/03/2015

2015 жылдың 13 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабиге үміткерлермен кездесу және олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру»  атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге судья Е.С.Қосмұратов, Астана қаласы Әкімшілігі жергілікті атқарушы органның негізгі тізімінен берілген алқабиге үміткерлер Альмурзиева З.А., Арыстанова Д.А., Базилова Ж.З., кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Сот жұмысшының бұзылған құқығын қайта қалпына келтірді

13/03/2015

Астана қаласы Алматы аудандық сотында талапкер  Ж-ның «Астана-Көктем С» ЖШС-не қатысты еңбекақысы және пайдаланылмаған кезекті еңбек демалысы бойынша берешекті өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот, еңбек шартына сәйкес 2013 жылдың 11 сәуірінен бастап бір жұмыс сағатына 238 теңге еңбекақысын төлеу бекітіле отырып, талапкер «Астан Көктем С» ЖШС-нің күзетші қызметіне жұмысқа қабылданғандығын анықтады. Талапкермен еңбек шарты 2015 жылдың 13 мамырында бұзылған.