Архив событий

20/03/2015

Наурыз – көктем мейрамы!

20/03/2015

Наурыз – ол көктем мейрамы, жыл басы, жаңа өмір бастауы. Наурызды тойлау пұтқа табынудан тамыр алады, ол табиғатқа сыйыну мейрамы.

Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласының сотында салтанатты іс–шара өтті.

Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы А.К. Кенжеғарин Астана қаласы соты Төрғасының атынан «Наурыз мейрамы» мерекесімен барлық судьялар корпусын және қалалық сот ұжымын құттықтады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қамаға алу

20/03/2015

Ресей Федерациясының азаматы М. халықтық көші-қон саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзды. Ол тіркелуге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бес күнтізбелік күн өткеннен кейін ішкі істер органдарының тіркеуінсіз үш тәуліктен аса Қазақстан Республикасында болуынан туындаған.

Сот отырысында М. құқық бұзудағы кінәсін толық мойындады, сотқа көші-қон тәртібін білмегені туралы айтты. Оны елден қумауды өтінді.

Неке бұзуы салдарынан туындайтын кәмелетке толмаған баланың тағдыры

20/03/2015

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ата-аналарының неке бұзуынан кейінгі кәмелетке толмаған баланың тағдыры» атты тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингте судья Ж.Қ.Алпысбаева сөз сөйлей отырып, ата-анасының неке бұзуынан кейін туындайтын, баланың кейінгі тағдырына қатысты жұмыста туындайтын негізгі қиын мәселелерді баяндап өтті.

Брифингті өткізу барысында неке бұзылуының салдары талқыға салынды.

Міндеттемелерін тиісті түрде орындамау борышты толық көлемде өндіріп алуға әкеп соқтырады

20/03/2015

Астана қаласының Есіл аудандық соты «Астана Болус» ЖШС-нің аз. И-ға қатысты ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандырды.

Сотпен тараптар арасында «Астана Болус» ЖШС (орындаушы) жарнама берушінің тапсырысы бойынша 2014 жылғы 15 қараша – 2015 жылғы 15 ақпан аралығындағы мерзімде Астана қаласының тұрғын үй секторларының  жеделсатыларында және кіреберістерінде жарнама материалдарын орналастыруға тиіс екені туралы шарт жасасқанын анықталды.