Архив событий

26/03/2015

Бұзылған еңбек құқықтары ішінара қалпына келтірілді

26/03/2015

Астана қаласының Есіл аудандық соты аз. Ш-ның «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты жұмысқа қайта орналастыру, алынбаған дербес үстеме ақысын өндіріп алу туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды.

Сот жұмыс берушінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылдағанын, ол туралы жұмысшының ескертілгендігін анықтады.

Алиментті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

26/03/2015

Астана қаласы Алматы ауданының сотымен   медиация тәртібінде азаматша П. азамат А-ға қатысты кәмелетке толмаған баланы бағып-қағуға алиментті өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қысқартылды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар сот тәртібінде медиативтік келісімді бекіту туралы бірыңғай келісімге келді.

Адам өлтіруге оқталғаны үшін жауаптылық

26/03/2015

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінде, 99-бабының 1-бөлігінде, 188-бабының 1-бөлігінде (басқа адамды құқықққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу, бөтен біреудің мүлкін жасырын ұрлау) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған Ж-ға қатысты айыптау үкімі шығарылды.