Архив событий

18/03/2015

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

18/03/2015

13 қараша 2014 жылы Б. атты азаматшамен спирт ішімдіктерін ішу кезінде сотталушы Д.-ның қызғанышынан туындаған жанжал төбелесте жалғасын тапқан. Оның нәтижесінде, алған дене жарақаттарынан жәбірленуші  ауруханаға жеткізілді.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, іс-әрекеті үшін өкініш білдірді.

Адам өліміне қатысты іс бойынша сот үкім шығарды

18/03/2015

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Т.-ға қатысты үкім шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 1- тармағымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру).

2014 жылдың 23 желтоқсанында спирттік ішімдік ішу барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында жанжал туындаған. Осы жанжал салдарынан сотталушы жәбірленушінің басына бірнеше рет соққы келтірген.

Сот жеңілдетілген сот ісін жүргізу тәртібінде шешім шығарды

18/03/2015

Астана қаласының Алматы аудандық соты «Хоум Кредит энд Финанс Банк» Акционерлік қоғамы Еншілес банкінің» аз. А-ға қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талапкер талап қоюды жауапкердің несие шартында көрсетілген талаптарды бұзуымен дәлелдейді.

Өзіне тиісті міндеттерді орындамауы салдарынан жауапкерде 123 409 теңге сомасына берешек  жинақталған.