Архив событий

03/03/2015

Сот Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты үкім жариялады

03/03/2015

Бүгін Астана қаласының Есіл ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары А.С.Тұматаевқа қатысты үкім жарияланды.

А.С.Тұматаев «Дан-Строй» АҚ-ның өкілінен бірнеше рет ақшалай пара алғандығы, яғни Астана қаласындағы «Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы» спорттық кешеннің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне заңсыз қол қойғаны үшін айыпталды.

Сот Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты үкім жариялады

03/03/2015

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары А.С.Тұматаевқа қатысты үкім жарияланды.

А.С.Тұматаев «Дан-Строй» АҚ-ның өкілінен бірнеше рет ақшалай пара алғандығы, яғни «Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы» спорттық кешеннің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне заңсыз қол қойғаны үшін айыпталды.

Сот мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін көліктерді басқару құқығынан айырды

03/03/2015

Астана қаласының Есіл аудынынң №2 аудандық сотында мас күйінде көлік басқарған азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан азамат А.-ның бұдан бұрын Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.

Сот «Косуакова Б.К.» ЖК-ін мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп таныды

03/03/2015

Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Астана қаласы әкімдігінің «Астана» Спорттың ойын түрлері клубы» МҚКК-нің «Косуакова Б.К.» ЖК-ге қатысты мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісін қарастырды.

Материалдардан, 2014 жылғы 28 қазанда тараптар арасында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартының бекітілгені және олар бойынша жауапкер 260400 теңге соммасына тауарды жеткізуді жүзеге асыруға міндеттелгені анықталды.