Архив событий

27/03/2015

«Қылмыстық іс жүргізудегі медиаторлардың рөлі» атты дөнгелек үстел

27/03/2015

 Астана қаласы Сарыарка ауданының №2 аудандық сотында судья Н.Т.Бапакованың, «Медиацияны дамыту орталығы» Ассоциациясының медиаторлары Д.М.Тургужинова, Ж.А.Елубаева, А.Е.Мукушева, А.С.Тойсбаева, Б.М.Абдураимованың қатысуларымен «Қылмыстық іс жүргізудегі медиаторлардың рөлі» атты дөнгелек үстел өтті.

«Дөнгелек үстел» өткізу барысында «Медиация туралы» заңының тәжірибеде жүзеге асу сұрақтары, аталмыш институттың дамуына қатысты ұсыныстар талқыға салынды.

Астана қаласының сотында Судья этикасы кодексінің нормаларын сақтау жөніндегі семинар өтті

27/03/2015

Өз кәсіби қызметінде және қызметтен тыс уақытта судья заңдарды, Судья этикасының кодексін және жалпы қабылданған моральдік нормаларды сақтауға міндетті.

ҚР судьяларының VI съезінде қойылған басты міндеттер аясында Судья этикасының кодексін түсіндіру мақсатында Астана қаласының сотында Астана қаласындағы қалалық және аудандық соттар судьяларының қатысуымен семинар өтті. 

Бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты үкім

27/03/2015

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің  366-бабының 1-бөлігінде (пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін И-ға қатысты қылмысты істі қарастырды.

Учаскелік инспектордың көмекшісі лауазымында жұмыс істеген сотталушы И., мемлекет билігінің өкілі бола отырып, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, мемлекет қызметінің мүддесіне қайшы, Астана қаласында қасақана сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады.

Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

27/03/2015

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағында (алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін А-ға қатысты қылмысты істі қарастырды.

Сотталған А. бөтен адамның мүлкін заңсыз және өтеусіз алып қойғанын біле тұра, өзінің пайдасына аударған және жәбірленушіге мүліктің залал келтіргенін көре отырып, ақшалай қаражатты иемденуге теріс пиғылды мақсатқа қойған.

Алаяқтың пиғылы оның айламен бірнеше адамның сенімін теріс пайдаланумен әрекет ету фактісімен көрініс тапқан.

Есіл аудандық соты азаматтар арасында әлеуметтік сауал жүргізуде

27/03/2015

Судьялар атына құзыретті емес пікірлерді, әдепсіз қарсы әрекеттерді, сонымен қатар соттардағы сыбайлас жемқорлық деңгейі туралы ақпараттың таратылуын жоққа шығару мақсатында Астана қаласының Есіл аудандық сотында азаматтар арасында әлеуметтік сауал жүргізілуде.

Осы әлеуметтік сауал анонимді түрде өткізілуде. Бұл сауалдың жүргізілу мақсаты судьялар жұмысының сапасын зерделеу, судьялардың процеске қатысушылармен процестен тыс байланыс орнату белгісіне ақпарат жинау болып табылады.