Архив событий

10/03/2015

Заңсыз тұрақтан шығару

10/03/2015

Астана қаласы Алматы аудандық соты азамат А.-ның азамат М.-ге заңсыз тұрағынан шығару туралы азаматтық ісі қаралды. 

Сотта 3 бөлмелі пәтер түріндегі жылжымайтын мүлікке меншік құқығы азамат А.-ның атына тіркелгендігі анықталды. 

04 маусым 2014 жылы аталмыш пәтерге талапкермен Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік тіркеу жүргізілген және ол меншік иесі туралы мәлімет –анықтамамен расталады.

Кәмелетке толмаған адамның түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болғаны үшін жауаптылығы

10/03/2015

Астана қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңды өкілдерісіз кәмелетке толмаған адамның түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін  кинотеатр әкімшісіне қатысты әкімшілік іс қарастырылды.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында, 2015 жылғы 27 ақпанда 23.30 сағат шамасында кәмелетке толмағанның заңды өкілісіз кинотеатрда болғанын анықтаған.