Архив событий

05/03/2015

Салтанатты шара Ювеналды сотта

05/03/2015

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен орайластырылып, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мәжіліс депутаттарымен кездесу өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы У.Сулейменова, Есіл аудандық сотының төрағасы Г.Әбдіғалиева, Астана қалалық сотының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.Алпысбаева, мәжіліс депутаттары Г.Баймаханова, С.Бычкова, А.Соловьева, М.Казбекова қатысты.

Жаңа азаматтық-процестік заңнаманы қолдану бойынша сот тәжірибесі

05/03/2015

2015 жылдың 5 наурызында Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Азаматтық істерді қарауда азаматтық процестік заңнамасына енгізілген жеңілдетілген іс жүргізу тәртібін қолданудағы сот тәжірибесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Қазіргі таңда сот жүйесі өзінің жұмысын жаңашылдық сатысында жүзеге асыруда. Осыған байланысты аталған шара сот тәжірибесінде кездесетін маңызды сұрақтарды талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Сот процестерінде жаңа технологиялар кеңінен қолданылып келеді

05/03/2015

2015 жылғы 5 наурызда Астана қаласының Есіл аудандық соты судья Б.К. Батталованың төрелік етуімен жаңа қазіргі заманғы технологияларды: сот процесінің дыбыс-бейне тіркелуін пайдалана отырып және Қарағанды қаласымен бейнеконференцбайланыс арқылы азаматтық іс бойынша сот отырысын өткізді.

Іс бойынша талапкер Қарағанды облыстық сотының сот отырысы залында болды, сот оны Астана қаласындағы бейнеконференцбайланыс арқылы тыңдады, ол сот отырысы барысында белсенді түрде қатысып отырды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жаңа жол жүру ережелері талқыланды

05/03/2015

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2014 жылдың 13 қарашасында ҚР Үкіметінің № 1196 қаулысымен бекітілген жаңа жол жүру ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел шарасы өткізілді.

Шараға Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, Астана қаласының ІІД ӘПБ-ң бастығының орынбасары Е.К. Чупеков, подполковник С.Т.Абильдин,  ІІМ ӘПБ ӘПК бастығының орынбасары, полковник С.Ч. Шаймарданов  қатысты.