Елордалық сотта судьялар прокуратураның және қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 23 маусымда Астана қалалық сотта «Сотталғандардың жазаны өтеуден шартты түрде және мерзімінен бұрын босату, түзету мекемелерінің түрін өзгерту, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру туралы мәселелерді шешуде құқық қолдану тәжірибесінің проблемалары» атты дөңгеле үстел өтті.

Іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А. К. Кенжеғарин, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьялары Г.Ж. Мергенова, Э.М. Оңғарсынова, прокуратураның және қылмыстық-атқарушы жүйесінің өкілдері қатысты.

Түзету мекемелерінің орналасуына сәйкес Астана қаласының аумағында бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан контингенті бар қатаң тәртіптегі түзету колониясы (ЕЦ 166/10 мекемесі), колония-қоныс (ЕЦ 166/22 мекемесі) және тергеу изоляторы (ЕЦ 166/1 мекемесі), сонымен қатар бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларын өтейтін 3 аудандық ҚАЖК-нің қылмыстық-түзету инспекциясы бар.

2016 жылдың І жартыжылдығының статистикалық мәліметтері бойынша қаланың аудандық соттарына ШМБ туралы барлығы 182 материал келіп түскен. Олардың ішінен 138 материал қаралған, заңда көрсетілген негіздеме бойынша 21-і қайтарылған, 3-еуі сотта қаралуға жіберілген, қалғаны – 23.  

Қаралған 138 материалдың 45, яғни 32,6 пайызы қанағаттандырылды, 91, яғни  65,9 пайызы қанағаттандырылмады, қаралмай  қалдырылғаны біреу, яғни 0,7 пайыз құрады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сотталғандардың жазаны өтеуден шартты түрде және мерзімінен бұрын босату, түзету мекемелерінің түрін өзгерту, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастырудың проблемалық жақтарын талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша қылмыстық-процестік заңнаманы бірізді қолдану бойынша практикалық ұсыныстар жасалды. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі