Архив событий

06/06/2016

Cот прокурордың талап қоюын қанағаттандырды

06/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Астана қаласының «Есіл» ауданы прокурорының «Ж» ЖШС-не, үшінші тұлға «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті» РММ-ге қатысты заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот, Астана қаласының Әділет департаменті бұйрығының негізінде «Ж» ЖШС-ні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді жүргізгенін анықтады.

Сот нысандарды акт бойынша босатуға және оны тапсыруға міндеттеу туралы талап арыздан бас тартты

06/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «А» ТҚК-нің «Р» ЖШС-не қатысты объектілерді қабылдау-тапсыру актісі бойынша босатуға және оны тапсыруға міндеттеу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот, 2013 жылы «Р» ЖШС-ның қызмет көрсету компаниясы және «А» ТҚК арасында көп пәтерлі үйге қызмет көрсету шарты бекітілгенін, оның шарты бойынша меншік иесі көп пәтерлі үйге қызмет көрсету бойынша өкілеттік бергенін, ал қызмет көрсету компаниясы өзіне оны  қабылдағанын анықтады.

Сот ҚР Қаржы министрлігі бас сарапшысының әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арыздан бас тартты

06/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты ҚР Қорғаныс министрлігінің «Әскери бөлім» РММ-нің Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті мемлекеттік сатып алулар саласындағы бақылау басқармасының» бас сарапшысы азамат Е-ге қатысты әрекетін заңсыз деп тану және бақылу актісінің күшін жою туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Экономикалық сот медиативтік келісімді бекітті

06/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «К» ЖШС-нің «Л» ЖШС-не қатысты берешекті өндіріп алу, тендерлік тапсырыс беруді қамтамасыз ету, шарттың орындалуын, тұрақсыздық айыбын және мемлекет бажын қамтамасыз ету туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Иелену мерзімі бойынша мүлікке меншік құқығын тану

06/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Иелену мерзімі бойынша мүлікке меншік құқығын тану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары, Астана қаласының Сарыарқа аудандық прокуратурасының өкілдері, «Астана қаласы әкімінің аппаратының» заң бөлімінің маманы Ж.Шәукентаев және адвокат Н.Глазков қатысты.