Архив событий

28/06/2016

Черногория Республикасының азаматы әкімшілік айыппұлға тартылды

28/06/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша аз. Е-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сот, көші-қон кәртішкесінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған, Черногория Республикасының азаматы Е-нің Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келу қағидасын бұзуға жол бергенін анықтады.

Сот қаулысымен Е. кінәлі деп танылды және 15 АЕК мөлшерiнде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жазаға тартылды.

Ерасыл Әубәкіровті өлтіру туралы іс бойынша күдіктілер туралы сот ақпараты

28/06/2016

2016 жылғы 12 ақпанда Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Астана қаласы медицина университетінің жоғалып кеткен студенті Е. Әубәкіровті өлтіру туралы іс бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы  2-бөлігінің 7-тармағы бойынша күдіктелген А.Мейірбаевқа, А.Тихоненкоға, В.Шерстеневке, Н.Әжімбайға қатысты  күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасына  санкция берді.

Қасақана денсаулыққа зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық

28/06/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің                           106-бабының 1-бөлігі бойынша М-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, 2016 жылғы 22 наурызда М-ң Астана қаласының жатақханаларының бірінде масаң күйде болып, Ж-мен сөзге келісіп қалғанын, әрі жұбайына деген қызғаныштан шыны сынығымен  оның қарын тұсына соққы келтіргенін анықтады.

Сот отырысының барысында жауап алынған М. өз кінәсін толық көлемде мойындады.