Архив событий

02/06/2016

Астана қаласы экономикалық сотының келісімі бойынша «ТДК-42» телеарнасында «Заң шеңберінде» бағдарлама шығарылды

02/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының келісімі бойынша «ТДК-42» телеарнасында «Заң шеңберінде» апталық бағдарламасы шығарылды.

Телебағдарламаның шығарылу мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, олардың құқығын, бостандығын және заңды мүддесін  сот тәртібінде қорғауды қамтамасыз ету бойынша іскерлік белсенділікті арттыру болып табылады.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық

02/06/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 296-бабының 4-бөлігі бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 08.02.2016 жылы сотталушы А-ның полиция қызметкерлеріне жалпы салмағы 1,556 гр болатын аса ірі мөлшердегі есірткі заты героинді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін ұсталғанын анықтады.

Сот ұйғарымды заңсыз деп тану және одан бас тарту туралы талап қоюдан бас тартты

02/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «С» ЖШС-ның «Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» РММ-ге ұйғарымды заңсыз деп тану және одан бас тарту туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот «С» ЖШС-дағы жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша көлік-құралы саласындағы заңнаманың талаптары сақталмай, салмақтық параметрі арттыру және ауыр салмақты автокөлік құралының арнаулы рұқсатынсыз жүкпен жүргені анықтады.