Архив событий

24/06/2016

Астана қаласының сотына Корея Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы келді

24/06/2016

Бүгін елордалық сотқа Корея Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы іссапар барысымен келді. 

Елордалық соттың төрағасы Т.Е. Бәрпібаев қонақтарға Астана қалалық сотының құрылу тарихы туралы айтып өтті.

Шетелдік қонақтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамдардан тұратын Ұлт жоспарында белгіленген соттардағы жаңашылдықтар туралы білді.

Елордалық сотта судьялар прокуратураның және қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

24/06/2016

2016 жылғы 23 маусымда Астана қалалық сотта «Сотталғандардың жазаны өтеуден шартты түрде және мерзімінен бұрын босату, түзету мекемелерінің түрін өзгерту, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру туралы мәселелерді шешуде құқық қолдану тәжірибесінің проблемалары» атты дөңгеле үстел өтті.

Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза

24/06/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында 2016 жылғы 29 мамырда сотталушы Г-ң Астана қаласы тұрғын үйлерінің біріндегі подъезде марихуна есірткі затын шеккені, кейін оны полиция қызметкерлері ұстағаны анықталды. 

Сотталушының қоғамдық орындарда медициналық емес есірткі затын пайдаланғаны медициналық куәландыру қорытындысымен расталды.