Архив событий

03/06/2016

Сот хабарламаның күшін жою туралы талап арыздан бас тартты

03/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «П» АҚ-ның «ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» РММ-ға, «ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы» РММ-ға қатысты камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және шығыс операцияларды тоқтату туралы өкімнің күшін жою туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Соттың қызметі туралы имидждік ролик

03/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында қоғамды сот жұмысымен таныстыру үшін имидждік ролик түсірілімдері жүргізілді.

Түсірілім барысында судьялар журналисттерге судьялар және кеңсе жұмыскерлері жұмысының маңыздылығы және қиындықтары, соттың жетістіктері туралы айтып берді. Сондай-ақ, қолданыстағы азаматтық-процестік заңнаманың және сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялардың ерекшелеітерін түсіндірді.

Экономикалық сот журналистер үшін брифинг өткізді

03/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары С.Бертібаеваның, А.Жамансариеваның және С.Бекіштің қатысуымен «Сот актілеріне шағымдану» тақырыбында брифинг өтті.

Сот судьясы С.Бертібаева іске қатысатын тараптар, басқа да адамдар сот шешіміне апелляциялық шағым білдіру құқығына ие деп екенін атап өтті. Апелляциялық шағым білдіруге сондай-ақ, іске қатысуға тартылмаған, алайда құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім шығарған адамдарда беруге құқылы екенің атап өтті.

Сот пайдаланған энергия үшін берешекті өндіріп берді

03/06/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның азамат Т-ға қатысты пайдаланған энергия үшін борыш сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот, «Электр қуатын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес талапкер жауапкерге электр энергиясын жеткізгенін, алайда жауапкер ұсынылған қызмет көрсетулерге уақтылы төлем жасау бойынша өзінің міндеттерін бұзғаны, нәтижесінде соңғысында өндіріп алуға ұсынылған берешек сомасының жиналғаның анықтады.

Сот нысандарды акт бойынша босатуға және оны тапсыруға міндеттеу туралы талап арыздан бас тартты

03/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «А» ТҚК-нің «Р» ЖШС-не қатысты объектілерді қабылдау-тапсыру актісі бойынша босатуға және оны тапсыруға міндеттеу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот, 2013 жылы «Р» ЖШС-ның қызмет көрсету компаниясы және «А» ТҚК арасында көп пәтерлі үйге қызмет көрсету шарты бекітілгенін, оның шарты бойынша меншік иесі көп пәтерлі үйге қызмет көрсету бойынша өкілеттік бергенін, ал қызмет көрсету компаниясы өзіне оны  қабылдағанын анықтады.