Архив событий

17/06/2016

Сарыарқа аудандық сотында брифинг өтті

17/06/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «24 kz» телеарнасының қатысуымен «Сот кабинеті» сервисі» тақырыбына брифинг өтті.

Брифинг барысында кеңсе меңгерушісі Жанабаева Э. «Сот кабинеті» сервисінің ерекшеліктері туралы айтып өтті, ол өз сөзінде осы сервистің талап қою арызын және басқа да сотқа шағымдарды үйден шықпай-ақ жіберуге, сондай-ақ азаматтық істердің қозғалысын бақылауға болатынын атап өтті.

Экономикалық сот судьясының сұхбаты

17/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.К. Нұрланов «Банкроттық және оңалту рәсімдері» атты тақырыпқа «Қазақстан», «Хабар» телеарналарында журналистерге сұхбат берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, судья Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаттарының бірі банкроттық пен оңалтудың тиімді, ашық жүйесін құру болып табылады деп атап өтті.

Астанада Қазақстан Республикасы Судьялар одағының өңірлік спартакиадасының ашылуы өтті

17/06/2016

Бүгін Астана қаласында өңірлік спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті, оның ұйымдастырушысы Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Судьялар одағының филиалы болып табылады. Спорттық форумның салтанатты ашылуы «Алатау» спорткешенінде өтті.

Судьялар арасындағы спартакиада 2016 жылдың 17 маусымынан 18 маусымы аралығында спорттың 7 түрінен өтеді. 

Жарысқа ҚР Жоғарғы сотының, Астана қаласы сотының, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және ҚР Әскери сотының командалары қатысады.