Архив событий

15/06/2016

Судьяның радиодағы сұхбаты

15/06/2016

2016 жылғы 15 маусымда Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.Алпысбаева  «Соттағы бітімгершілік рәсімдер» тақырыбында «Қазақ радиосында» сұхбат берді.

Ұрлық бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуна байланысты тоқтатылды

15/06/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты «Хан Шатыр»  ОСО-да ұрлық жасаған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады.

Басты сот талқылауында процестің қатысушылары тарапынан татуласуына, медиативтік келісім жасасуына және залалдың орнын толық толтыруына байланысты сотталушыға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы арыз келіп түсті.

Тараптардың медияция тәртібімен татуласуына байланысты  сотталушы М-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

15/06/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігі бойынша (ұрлық жасау) П-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта сотталушы П. Астана қаласының халықаралық әуежайында ұялы  телефонды ұрлаған.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Р. сотталушымен медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат келіп түсті.

Украина азаматы көші-қон саласындағы заңнаманы бұзды

15/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚтК-ның 517-бабының 2-бөлігі бойынша Украина Республикасының азаматы Л-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 10 маусымда Астана қаласының халықаралық әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде азамат Л-ның визада не көші-қон карточкасын тіркеу кезінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан туындаған халықтың көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғанын анықтады.

Сот қызмет көрсету төлемі бойынша борыш сомасын өндіріп алды

15/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында  «К» ЖШС-нің азамат Ш-ға, С-ға, А-ға, Т-ға, және Д-ға қатысты соманы өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот, жауапкерлер тұратын тұрғын үйде «К» ЖШС қызмет көрсетуші ұйым болып табылатынын анықтады. 2009 жылы «К» ЖШС және азамат С. арасында тұрғын үйді күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсету шарты жасалған. Қызметтерді пайдалану бойынша анықтамаға сәйкес жауапкерде берешек қордаланған.