Архив событий

08/06/2016

Сот «ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ ісі бойынша прокурормен процестік келісім жасаған 12 тұлғаға қатысты үкім шығарды

08/06/2016

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта прокурормен процестік келісім жасаған «ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ң 12 лауазымды тұлғаларына қатысты үкім жарияланды. Сот отырысы барысында 2016 жылғы 27 мамырда олар бойынша қылмыстық істі сот  келісімдік іс жүргізуде қарау үшін жеке өндіріске бөлді.

«AstanaMall» сауда үйінде ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық

08/06/2016

Астана қ. Алматы аудандық №2 сотының шешімімен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Г-ның Астана қаласындағы «Astana Mall» СҮ-де өзгенің мүлкін, атап айтқанда ақша қаражаттары, құжаттары мен банктік карточкалары бар әмиянын ұрлағанын анықтады.

Г-ның қылмыстық әрекеттері салдарынан жәбірленуші Х-ға материалдық зиян келтірілді.

Есірткі заттарын ұрлағаны үшін бас бостандығнан айыру

08/06/2016

Астана қ. Алматы аудандық № 2 аудандық соты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталушы В-ға қатысты қылмыстқ істі қарады.

Сот, 2016 жылғы 6 ақпанда Астана қаласындағы «Артем» СҮ маңайында полиция қызметкерлерінің жеке тұтынуы үшін аса ірі мөлшердегі жалпы салмағы 2, 3795 гр. есірткі затын – героинді заңсыз сақтағаны үшін В-ны ұстағанын анықтады.

Соттың үкімімен В. кінәлі деп танылды және оған жалпы тәртіптегі түзеу колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот оқуға жұмсалған соманы өндіріп алды

08/06/2016

Астана қ. Сарыарқа аудандық соты азаматша П-ға қатысты Астана қ. әкімдігі «жұмыспен қамту орталығы» КММ талап арызы бойынша соманы өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Сот тараптар арасында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша үшінші бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт жасалғанын, соның шарттары бойынша жауапкерге  «дизайнер» мамандығын алу үшін «менеджмент және бизнес» ЖШС-на тегін білім алу ұсынылғанын анықтады.

Сот су құбыры мен кәрізді өз еркімен пайдаланғаны үшін залалдарды өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырды

08/06/2016

Астана қ. мамандандырлған ауданаралық экономикалық соты «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК-ның «С» ЖК-ге су құбырын және кәрізді өз еркімен пайдаланғаны үшін залалдарды өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында 2015 жылы акті жасалғаны, соған сәйкес жауапкер қалалық су құбырына және кәрізге шарт жасамастан қосылғаны анықталды.

Жоғарыда аталған актіде 5 күн ішінде шарт жасасу қарастырылған.

Әкімшілік сот судьялары семинар-тренингке қатысты

08/06/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Б.Нұржан және У.Сүлейменова ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының біліктілігін көтеру курстарын өту шеңберінде «Адамдарды саудалау: кәмелетке толмаған жәбірленушілердің құқықтарын сотпен қорғау» тақырыпта  семинар-тренингке қатысты.

Сот көлік қызметін көрсету туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алды

08/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «А» ЖШС-нің аз.Б-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот, 2015 жылы талапкер және жауапкер арасында көлік қызметін көрсету туралы шарт жасалғанын, оған сәйкес жауапкер оған тиесілі автокөлікпен талапкердің жүргіншілер тасымалын уақтылы ұйымдастыруға және жүзеге асыруға міндеттелгенін, ал талапкер қызмет көрсетуді қабылдауға және шартта көзделген тәртіппен талаптағы құнын төлеуге міндеттелгенін анықтады.

Залал сомасын өндіріп алу туралы дау сот медиациясы тәртібінде реттелді

08/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Б-ның «А» ЖШС-на қатысты залал сомасын өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Талаптар жауапкер тарапынан жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шарттар талаптарының тиісті түрде орындалмауымен уәжделеді.

Сот отырысы барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім бекітті.

Бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кеткені үшін әкімшілік айыппұл

08/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚтК-нің 599-бабының 1-бөлігі бойынша Г-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот, Г. Астана қаласында «KIA Rio» маркалы автокөлік жүргізіп келе жатқанда бағдаршамның тыйым салу белгісін өтіп кеткенін анықтады.

Құқықбұзушылық фактісі іс материалына қосылған бейнежазбамен расталады.

Сот қаулысымен Г. әкімшілік жауаптылыққа тартылды және оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағылды.