Архив событий

29/06/2016

Ювеналдық сотта дөңгелек үстел өткізілді

29/06/2016

Бүгін Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодесінде новеллаларды талқылау» атты тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Экономикалық сотта журналистер үшін брифинг өткізілді

29/06/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта судья А.Ш.Жамансариеваның, бас маман Е.М.Тындыбековтің қатысуларымен «Заңдылықты бұзу фактісі бойынша шығарылған жеке сот актілерін ұйымдардың лауазымды адамдарының қарау нәтижелері туралы» тақырыбына брифинг өткізілді.

Іс-шараны аша отырып, судья Жамансариева А.Ш. сот шығарған жеке ұйғарым заңдылықты бұзу кезінде соттар ден қоятын актілер болып табылады деп атап өтті.

Сарыарқа аудандық сотында семинар-тренинг өтті

29/06/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының сотында «Дауларды және келіспеушіліктерді шешу кезінде медиация рәсімдері және медиатордың құралдары» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Президентінің, «Қазақстан медиаторларының ассоциациясы»  ЗТҰ Бас директоры Ж.А.Жақыповтың, кәсіби медиатор  Ф.Т. Ахмедовтың  басшылықтарымен өтті.

Сот жеке сот орындаушысының әрекетіне шағымды қанағаттандырмады

29/06/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында азамат Е-нің Астана аумағының жеке сот орындаушысына материалдық залалды және моральдық шығысты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот, 2015 жылғы 27 желтоқсанда әуежайда паспорттық бақылаудан өту кезінде шекаралық қызмет талапкерді жеке сот орындаушысы К-ның қаулысы бойынша өзінің борышкерлер тізімінде болуына байланысты рейске өткізбегенін анықтады.  

Швейцарияның ювеналдық судьясы ювеналдық сотқа келді

29/06/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотына  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі келісілген іс-шаралар шеңберінде  жұмыс сапарымен ЮНИСЕФ халықаралық консультанты, Швейцарияның ювеналдық судьясы Урсина Вайдкун келді.

Швейцарияның ювеналдық судьясы Урсина Вайдкунның, оның бала құқығы саласындағы тәжірибесі мол. Сарапшының негізгі міндеті Қазақстан Республикасы судьялары үшін «Ключевые особенности дружественного детям суда» практикалық нұсқаулығын әзірлеу болып табылады.

Мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібінде шешілді

29/06/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты аз. П-ның аз. И-ға қатысты мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар медиативтік келісім бекітті, оның шарттары бойынша  жауапкер талапкерге оған тиесілі пәтердегі мүліктің ½ үлесін беруге және банктік қарыз шарты бойынша мендеттерді орындауға міндеттелді.  

Талапкер өз кезегінде ай сайынғы төлем арқылы бір күн ішінде пәтер құны үлесінде ақшалай өтемақы құнын төлеу міндетемесін өзіне алды.