Архив событий

01/06/2016

Балаларды қорғау күні ювеналдық сот ұжымы «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не келді

01/06/2016

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Н.Р.Раззак және сот қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-ге келді.

Алматы ауданының №2 аудандық сотында брифинг өткізілді

01/06/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында сот судьяларының, Астана қаласының «Медиацияны дамыту орталығы» және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Медиация – дауды реттеудің әдісі» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында баяндамашылар, сот судьялары Қ.Әлқожаев және А.Күлбаева сөз сөйледі.

Брифинг жұмысында қатысушылар қылмыстық процестің кез-келген сатысында медиация рәсімін қолдану бойынша, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеуде медиация рәсімін қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.

Әкімшілік сот мамандандырылған жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті

01/06/2016

Халықаралық балаларды қорғау күні Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және мамандары Астана қаласы әкімдігінің жанындағы мамандандырылған жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті.

Сот төрағасы У.Рахметоллаев балаларды мейрамымен құттықтады және оларға денсаулық, бақыт және жарқын болашақ тіледі.

Сот мамандары балаларға сусындар, тәттілер және балалар үшін үрленген шарлар тарту етті.

Сот бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік қамау

01/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚтК-нің 669-бабы бойынша К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының сот бұйрығымен азамат К-дан азамат В-ның пайдасына кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу үшін еңбекақысының және қосымша табысының ¼ мөлшерінде алимент өндірілгенін, алайда қазіргі уақыт бойынша жоғарыда көрсетілген сот актісі орындалмағанын анықтады.

Жалған нөмірмен көлік құралын жүргізгені үшін айыппұл

01/06/2016

Астана қаласының мамандандырлған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 14 наурызда азамат Г-ның жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен «Газ» маркалы автомашинасын жүргізгенін анықтады.

Сот қаулысымен азамат Г. әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылды және оған 20 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сот бұйрығын шығару туралы арыз беру кезінде туындайтын мәселелер

01/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында сот төрағасы А.Жүкеновтің, сот судьяларының және ПМК өкілдерінің қатысуымен «Сот бұйрығын шығару туралы арыз беру кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында қатысушылар сот бұйрығын шығару туралы арыз беру және рәсімдеу және оны шешу жолдарын талқылады.

Сот Қазақстан Республикасының заңын бұзғаны үшін шетел азаматын шығарып жіберді

01/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «Астана қаласы ішкі істер департаменті» ММ-нің шетел азаматы К-ны Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот Германия азаматы К-ның Қазақстан Республикасының аумағында қасақана қылмыс жасағанын анықтады.

Сот бітімгершілік келісімін бекітті

01/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында атқарушылық іс жүргізу тараптарының бітімгершілік келісімін бекіту туралы арызы қаралды.

Азамат Г және О-дан азамат Р-ның пайдасына берешек сомасын өндіріп алу туралы сот шешімін орындау шеңберінде тараптар келісімге келді.

Бітімгершілік келісім талаптарына сәйкес азамат Г. және О. азамат Р-ның меншігіне пәтерді беруге міндеттенеді, ал ол, өз кезегінде 1 күнтізбелік ай ішінде О-ға 300 000 теңге төлейді және жеке сот орындаушысы алдындағы берешекті өтейді.

Астана қаласының экономикалық сотында дөңгелек үстел өтті

01/06/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрелігін жүзеге асырудың заманауи технологияларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы», «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Астана су арнасы» ШЖҚ МҚК, «СК «Базис» ЖШС, «Аддико» ЖШС өкілдері қатысты.

Іс-шара қатысушылары еліміздің сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялардың артықшылықтарын талқылады.

Сот жауапкерлерді басқа тұрғын үй берместен шығарды

01/06/2016

Сарыарқа аудандық сотында «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-нің азамат А-ға, Д-ға, О-ға, Г-ға қатысты басқа тұрғын үй берместен шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот тұрғын үй жайды жалдау шарты негізінде жауапкер А-ға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жатақхана ұсынылғанын, 2002 - 2004 жылдар аралығында «Пәтер бюросы» МКК және А-ның арасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарты қайта жасалғанын анықтады.

Сарыарқа аудандық сотында журналистерге арналған брифинг өтті

01/06/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «7» телеарна өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 5 айында қаралған азаматтық істер қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында судья А.Нұрбаева және кеңсе меңгерушісі Э.Жаңабаева ағымдағы жылдың 5 айында азаматтық істердің, оның ішінде медиация ресімін қолдана отырып қаралған істер саны туралы статистикалық мәліметтерді келтірді.