Архив событий

30/06/2016

Істі қысқартылған іс жүргізу тәртібінде қарау

30/06/2016

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының сотында сот төрағасы Д.Әбдуғалиевтің, сот судьяларының, сондай-ақ Есіл ауданының прокуратурасы өкілінің қатысуымен: «Істі қысқартылған іс жүргізу тәртібінде қарау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Д.Әбдуғалиев  қысқартылған іс жүргізу тәртібінде істерді арызды қарауға қабылданғанға дейін бір ай мерзім ішінде судьялар дербес қарайтындарын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі заңнаманы қолдану

30/06/2016

Бүгін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі заңнаманы қолдануға орай дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары Ш.Т.Даниярова, Б.Б. Сәтбаев, Т.А.Тұрғанбаев, Астана қаласы прокуратурасының, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің, Қазақстан Республикасы «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палаталарының, үкіметтік емес ұйымдар  өкілдері қатысты.

Заңсыз есірткі затын сақтау

30/06/2016

Астана қаласы Алматы ауданының  № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 29-бабының 2-бөлігі бойынша М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, 2016 жылғы 07 маусымда «Рубеж-Кемер» бекетінде полиция қызметкерлері М-ді қарап тексеру нәтижесінде соңғысы өсімдік тектес сұр-жасыл түсті заты бар полиэтиленді ораманы алып шыққаны анықталды.     

Сот сараптамасына аталмыш заттың жалпы салмағы 2,8638 гр. есірткі заты – гашиш екені анықталды.

Жол көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық шығынды өтеу

30/06/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында аз.М-ның аз.Д-ның «Автобусный парк» ЖШС-на, «К» ЖК-ге, аз. А-ға жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында 2015 жылы А-ң «Lexus Nx 200» маркалы автомашинасына соғылуға жол бергені анықталған.

Осы ЖКО нәтижесінде талапкер қоюшы дене жарақатын алған, ол сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес  денсаулыққа жеңіл зиян келтіру болып белгіленген.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

30/06/2016

Астана қаласы Алматы ауданының  № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің «2» тармағы бойынша айыпталған П-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2015 жылдың 17 қарашасында жүк автомашиналарының автотұрағында болып, жәбірленуші П., М., Л., Б., А., Я., Ц-ларға тиесілі аккумуляторларды ұрлағанын анықтады.

Сот талқылауы барысында жақтар дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітті, осыған байланысты П-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.