Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлауы үшін қылмыстық жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша айыпталған Б-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау).

Сот талқылауы барысында 2016 жылдың 24 наурызында алкогольді масаң күйде болған Б. өз жұбайынан кек алу үшін, Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына қоңырау шалып,  дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны анықталды.

Сотталушы Б. өзінің қылмыстық әрекетімен оқиға орнына келіп жеткен Астана қаласы ІІД, Астана қаласының  ТЖД-не  және Астана қаласы әкімдігі «Жедел жәрдем қалалық станциясы» ШЖҚ МҚК-не арнайы қызметтер тұлғасында мемлекетке материалдық зиян келтірді.

Сот үкімімен Б. жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танылды және оған жалпы режимдегі түзеу колониясында 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі