Астана қаласының сотына Корея Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін елордалық сотқа Корея Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы іссапар барысымен келді. 

Елордалық соттың төрағасы Т.Е. Бәрпібаев қонақтарға Астана қалалық сотының құрылу тарихы туралы айтып өтті.

Шетелдік қонақтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамдардан тұратын Ұлт жоспарында белгіленген соттардағы жаңашылдықтар туралы білді.

Сондай-ақ, қонақтар үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы мен құқығы мұражайында экскурсия өтті, онда шетелдік қонақтар тарихи құндылығы мол экспонаттармен, құжаттармен, фотосуреттермен, сондай-ақ билер сотының атрибуттарымен таныстырылды.

Кездесу соңында Корея Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы елордалық сот ұжымына жылы қарсы алғандары және екі жаққа да мүдделерін білдіретін өзекті құқықтық мәселелер бойынша тәжірибе алмасқандары үшін өз алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі