Иелену мерзімі бойынша мүлікке меншік құқығын тану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Иелену мерзімі бойынша мүлікке меншік құқығын тану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары, Астана қаласының Сарыарқа аудандық прокуратурасының өкілдері, «Астана қаласы әкімінің аппаратының» заң бөлімінің маманы Ж.Шәукентаев және адвокат Н.Глазков қатысты.

Сот төрағасы А.Жүкенов осы санаттағы істерді қарау тәртібі азаматтарға сот тәртібінде оларға тәуелсіз себептерге байланысты тіркеу заң мекемелерінде тұрғын үйді және жылжымайтын мүлікті ресімдеуге мүмкін болмаған тұрғын үйді және қозғалмайтын мүлікті заңдастыруға мүмкіндік береді деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 240-бабының 1-тармағына сәйкес мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады. 

Дөңгелек үстел соңында сот төрағасы келгендерге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, табыс және жемісті еңбек тіледі.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі