Экономикалық сот медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «К» ЖШС-нің «Л» ЖШС-не қатысты берешекті өндіріп алу, тендерлік тапсырыс беруді қамтамасыз ету, шарттың орындалуын, тұрақсыздық айыбын және мемлекет бажын қамтамасыз ету туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы медиативтік келісімге келді, оған сәйкес  жауапкер берешек сомасын төлеуге, тендерлік тапсырыс беруді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттелді. Өз кезегінде, талапкер тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қоюынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен  медиативтік келісім бекітілді,  азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі