Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 640 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.         

Сот тапсырыс берушісі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылатын «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісі бойынша объектіні салу үшін сайтта объектіні жарнамалау арқылы үлескерлердің ақшалай қаражаты тартылатынын, бұл ретте Бірыңғай оператордың кепілдігі алынбағанын анықтады.

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
ҚР Заңының 7-бабына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу: 1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу; 2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы; 3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады. 

Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Апелляциялық саты 2023 жылғы 25 қаңтардағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі