Архив событий

14/02/2023

Сот борышкерден алимент төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алды

14/02/2023

Астана қаласының Есіл аудандық соты А.-ның К.-ға алимент бойынша тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою жауапкердің өз қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етпейтіндігіне негізделген. Іс жүзінде ұзақ уақыт бойы алимент міндеттемелерін тиісінше орындаудан жалтарған.

Сотпен анықталғаны:

Сот жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы дауды қарады

14/02/2023

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Әкімдіктің Ц.-ға қатысты жер учаскесін өтемақы төлей отырып, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюы  бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан әкімдіктің қаулысымен Ц.-ның жер учаскесі «Абаттандыруға арналған учаске» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататыны белгілі болды.

Сот құжаттарды беруді мәжбүрлеу туралы дауды қарады

14/02/2023

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты МИБ-ның «К» және «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құжаттарды беруді мәжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 48-1-бабына сәйкес тұрғын үй кешенінің құжаттамасын тапсыру туралы хабарлама қабылдағанымен уәжделген, алайда бүгінгі күнге дейін құжаттар алынбаған.

Сот жалдау шартын жарамсыз деп таныды

14/02/2023

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ч» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкерлер «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, А. және т.б. қатысты жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотқа «Ч» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұрынғы бас директор А.-ның тұлғасында «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүлкін жалға бергені себеп болды, оның оған билік етуге құқығы жоқ.