Архив событий

01/02/2023

Сот шешімімен мемлекеттік қызметші бұрынғы лауазымына қалпына келтірілді

01/02/2023

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты И.-дің РММ.-ге қатысты атқаратын қызметінен босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, сондай-ақ жұмысқа қайта қабылдау туралы талап қоюы  бойынша азаматтық істі қарады.

Істің мән-жайларынан И.-дің 2013 жылғы наурыздан бастап аумақтық инспекция басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істегені белгілі болды.

2015 жылғы қарашадағы сот үкімімен И. өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша кінәлі деп танылған және  1 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сот мүліктік пайда алу мақсатында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды

01/02/2023

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Мемлекеттік кірістер басқармасының жауапкерлер «Г», «Н», «С» және «А» арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қарады.

Талап қоюдың негіздемесінде, камералдық бақылау және шот-фактураларды зерделеу барысында салық міндеттемелерін орындаудан жалтару және мүліктік пайда алу мақсатында жасалған мәмілелер анықталғаны көрсетілген.

Сотпен «Н», «С» және «А» көрсетілетін қызметті «Г»-дан 117,6 млн. теңгеден астам сомаға сатып алғандары көрсетілгені анықталды.

15 млн. теңгеге дау бітімгершілікпен аяқталды

01/02/2023

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жауапкершілігі шектеулі серіктестігі акционерлік қоғамдастығына соманы өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді.

Татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дауды бітімгершілік жолмен шешуге келді.

Тараптар келісім жасасты, оның шарттары бойынша жауапкер келісімде көрсетілген мерзімде 15 млн. теңге мөлшерінде борыш сомасын төлеуге міндеттенді.

Хаттамаларды жасау сапасының мәселелері талқыланды

01/02/2023

2023 жылғы 30 және 31 қаңтарда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Н.Ахметқалиев аудандық сот судьяларының, Астана қаласы бойынша прокуратура және көліктік бақылау инспекциясы өкілдерінің, Астана қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының, Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Нәрестенің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін туған әкесі сотталды

01/02/2023

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы үкімімен Х. 6 жыл 5 айға (ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 3,4,11) тармақтары бойынша) бас бостандығынан айыруға сотталды. Оған маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Сот Х.-ны 2022 жылғы  2 шілдеде масаң күйінде екі айлық қызына қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп таныды.

Алқа қарасора өсіру және марихуананы заңсыз сақтау туралы үкімді күшінде қалдырды

01/02/2023

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Г. 5 жыл 4 айға (ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің  1), 3) тармақшалары бойынша), С. 7 жылға (ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 1), 3) тармақшалары, ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша) бас бостандығынан айруға сотталды.

Сот Г. және С.-ны адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша Астана қаласындағы үйлердің бірінің жертөлесінде зертхана жабдықтап, онда заңсыз сатып алынған қарасора тұқымын егіп, 16 өсімдік бұтасын (ірі мөлшерде) өсіргені үшін кінәлі деп танылды.

Баласы келтірген зиян үшін ата-анасынан өтемақы өндірілді

01/02/2023

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С.-ның келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу және материалдық залалды өтеу туралы Ш.-ға қатысты талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Кәмелетке толмаған А.-ның жүріп келе жатқан велосипедпен соқтығысуынан оның денсаулығына ауыр зиян келтірілгені  талап қоюға негіз болды.

Мас күйінде жол-көлік оқиғасына жол берген жүргізуші сотталды

01/02/2023

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты 2022 жылғы 28 қазанда мас күйінде жол-көлік оқиғасына жол берген К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі).

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағылған айып

К. көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде жеке көлігін басқарып, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жәбірленуші С.-ға 4,6 млн. теңге сомасында мүліктік залал келтірілді.

Сотта

Прокурор айыптауды қолдады.