Архив событий

07/02/2023

Сот салық төлеушінің құқықтарын қалпына келтірді

07/02/2023

Акцонерлік қоғамдастығы негізгі құралдардың 2018-2019 жылдардағы құнын кезекті қайта бағалаудан соң және 2018-2020 жылдар үшін салық есептілігінің қосымша нысанын тапсырғаннан кейін мүлік салығының артық төленген сомасын қайтару туралы өтінішпен салық органына жүгінді.

Мемлекеттік кірістер басқармасы себебін көосетпей, артық төленген салық сомасын қайтарудан бас тартты.

Акцонерлік қоғамдастығы шешіммен келіспей, уәкілетті органның бас тартуын даулап және артық төленген салық сомасын қайтаруға мәжбүрлеу туралы талап қойып әкімшілік сотқа жүгінді.

Сот мемлекеттік органның алтын медаль үшін еңбек сіңірген ақшалай көтермелеуді төлеуден бас тартуын заңсыз деп таныды

07/02/2023

2023 жылғы 7 ақпанда Астана қаласының МАӘС ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне С.Е. Дмитриенконың ақшалай көтермелеуді төлеуден бас тарту, ақшалай көтермелеуді төлеу міндеттемесі туралы әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша іст қарады.

Істің мән-жайы

С.Е. Дмитриенко 2022 жылғы 5 мамырда Бразилиядағы сурдо дзюдо бойынша халықаралық жарыстарда алтын медаль жеңіп алған спортшы Е. Канафиннің алғашқы және жеке жаттықтырушысы болып табылады.