Архив событий

17/02/2023

Көршілер қақтығысының салдары

17/02/2023

Астана қаласының Алматы аудандық сотында Ж.-ның бұрынғы көршісі  М.-ға 1 миллион теңге моральдық зиян мен материалдық залалды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюын Ж. жауапкер тарапынан 1 жыл бойы қорлық көргенімен және ар-намысына тиетін сөз естігенімен, салдарынан жүйкесі тозып, денсаулығына зиян келгенімен, басқа бағасы қымбат пәтерге көшуі және емделуі себепті материалдық шығынға ұшырағанымен негіздеген.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы іс бойынша алқабилердің қатысуымен үкім шығарылды

17/02/2023

2023 жылғы 16 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3) тармақшалары бойынша алқабилер алқасының қатысуымен Б. және К.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тағылған айып

Б., К. 2022 жылдың мамырында салмағы 13 килограмм 939,63 грамм, яғни ірі мөлшерде есірткі затын – «гашишті» заңсыз сатып алып, өткізу мақсатында сақтаған.

Сотта

Сот мүліктік залалды өндіріп алу туралы дауды қарады

17/02/2023

Астана қаласының Алматы аудандық соты М.-ның Ш.-ға қатысты мүліктік залалды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою жауапкер Ш.-ның кінәсінен техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шығуымен уәжделген (ол техникалық қызмет көрсету станциясының иесі), соның салдарынан оның көлігі өртенген және мүліктік залал келтірілген.

Сотта:

Сотта қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты жауапкерге қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны анықталды.