Архив событий

22/02/2023

Жүргізуші куәлігінсіз, масаң күйде көлік жүргізудің салдары

22/02/2023

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Г.-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Іс материалдарынан Р. 2022 жылдың желтоқсанында жүргізуші куәлігінсіз масаң күйде көлік жүргізіп, қарсы жолаққа шығып, басқа көлікпен соқтығысуға жол беріп, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге және материалдық залал келтіруге әкеп соқтырғаны белгілі болды.

Полиция инспекторы әкімшілік іс қозғады және жүргізушінің әрекеттерін ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша саралады.

Ер адам алаяқтық жасағаны үшін сотталды

22/02/2023

2023 жылғы 15 ақпанда Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алаяқтықтың 9 эпизодын жасаған М.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тағылған айып:

Сот сақтандыру компаниясының суброгация тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талаптарын қанағаттандырды

22/02/2023

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Л» сақтандыру компаниясының жауапкер У.-ға қатысты суброгация тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Істің мән-жайларынан жауапкер У. автокөлікті басқара отырып, жүргізуші Б. басқарған басқа көлікпен соқтығысуға жол бергені анықталды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Эйр Астана» акционерлік қоғамдастығына (бұдан әрі – Эйр Астана) тиесілі автокөлік құралына механикалық зақым келтірілді.

Сот мемлекет кірісіне игерілмеген аванс сомасын өндіріп алды

22/02/2023

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ММ-нің «Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және 530 млн. теңгеден астам сомада аванстық төлемді өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою мердігердің бес жыл бойы аванс алып және оны өз қалауы бойынша пайдалана отырып, шарттық міндеттемелерді орындамағанына уәжделген.

Талап қоюшы зиянды өтеу құқығын жүзеге асырды

22/02/2023

Астана қаласының Есіл аудандық соты А.-ның ҚР Қаржы министрлігіне қатысты моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу  туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою талап қоюшының сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға қатысқаны дәлелденбегендіктен кінәсіз деп танылып, ақталғандығымен уәжделген. Ақтау үкімі заңды күшіне енді.

Сот отырысында ҚПК-нің 4-тарауының тәртібімен талап қоюшының қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды оңалту және өтеу құқығы танылғаны нақты  анықталды.

Сот моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюды қарады

22/02/2023

Астана қаласының Алматы аудандық соты К.-нің кәмелетке толмаған екі баласының мүддесі үшін Т.-ға қатысты моральдық зиян үшін өтемақы  өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою балалар мекемесінде Т.-ның талап қоюшының балаларын құлағынан ұстап алып, маңдайларын бір-біріне соққанымен уәжделген. Балалар физикалық және психикалық тұрғыдан зардап шеккен, олар орталыққа барудан қорқып, соңында орталықтан мүлдем кетіп қалған. Талапкер соттан жауапкерден келтірілген моральдық және физикалық азаптар үшін өтемақы өндіріп алуды сұрады.