Архив событий

20/02/2023

Сот мәмілелерді жарамсыз деп таныды

20/02/2023

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік кірістер басқармасының мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты талабы бойынша іс қаралды.

Талап қою екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасындағы мәмілелердің іс жүзінде орын алмағандығына және төленуге тиісті салықтардың сомасын азайту мақсатында жасалғанына негізделді.

Тараптар тұрғын үйге кезекке қою туралы дау бойынша сотта татуласты

20/02/2023

Б. Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде тұрғын үйге кезекке тұру туралы талап қойып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді.

Татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дауды бейбіт жолмен шешуге келісті.

Бұрынғы жеке сот орындаушысына өз өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін үкім шығарылды

20/02/2023

2023 жылғы 20 ақпанда Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты ҚК-нің 251-бабы 1-бөлігі (өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша бұрынғы жеке сот орындаушысы Б.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тағылған айып:

2019 жылы Б. Астана қаласы округінің жеке сот орындаушысы бола отырып, Ж.-дан К.-нің пайдасына борыш сомасын өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша борышкерден К.-нің пайдасына қарызды өтеу үшін 15 млн. теңге алды. Алайда Б. ЖСО-ның шотынан ақшаны шешіп алып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сотта