Архив событий

28/02/2023

Сот әуежайда болған оқиға фактісі бойынша істерді қарады

28/02/2023

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында елордалық әуежайда екі әйел «Астана-Шымкент» бағыты бойынша қонуы кейінге қалдырылған рейстің ұшағын ұзақ күткендері үшін ашуланып, авиакомпания қызметкерлерін қорлап, балағат сөздер айтып, наразылықтарын білдірді. Ақырында бір қызметкер денсаулығына зиян келтірілмейтін соққы алды.   

Сараптама бойынша дау татуласу арқылы шешілді

28/02/2023

Б. медициналық-әлеуметтік сараптама актісін заңсыз деп тану және     2022 жылғы қарашадан бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақыны өтеуді міндеттеу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне талап қойып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді.

Талап қоюшы медициналық-әлеуметтік сараптама актісі негізінде оған жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы Департаменттің жауабымен келіспей, сотқа талап қойды.

Тараптар сотта татуласты

28/02/2023

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 2,1 млн.теңге мөлшерінде соманы өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою жеткізушінің қара металл сынықтарын жеткізу шарты бойынша берешегі бар екендігімен уәжделген.

Сотқа ұсынылған құжаттар талап қоюшы тарапынан шарт бойынша ақша қаражатын аудару фактісін растады. Жауапкер бұл әрекетті жоққа шығармады және дауды бітімгершілік жолмен шешуге келісті.

Тараптар арасындағы дау «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына берілді

28/02/2023

2019 жылы «С» шетелдік компаниясының және «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында жеткізу, қызмет көрсету, жалдау және мердігерлік шарты жасалды.

Сотқа жүгінген жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкерден 100 млн. теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алуды сұрады.

Татуластыру рәсімі сатысында тараптар дауды «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешіміне беру туралы келісімге келді.

Судья тараптарға «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотқа жүгіну тәртібін және оның құқықтық салдарын түсіндірді.