Архив событий

13/02/2023

Тараптар апелляциялық сатыдағы сотта татуласты

13/02/2023

Азамат К. жол-көлік оқиғасының (бұдан әрі-ЖКО) салдарынан келтірілген залал сомасын өндіріп алу туралы «Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаысты талап қойып, сотқа жүгінді.

Іс материалдарынан 2022 жылдың наурыз айында «Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік құқығымен тиесілі автокөлікті басқарып келе жатқан жүргізуші Б.-ның кінәсінен К.-ның автокөлігімен соқтығысу орын алғаны байқалады.

ЖКО салдарынан К.-ның автокөлігі зақымданып, осы көлікте болған жас баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілді.

Сот шешімімен кәсіпорын бұзған жұмыскердің құқықтары қалпына келтірілді

13/02/2023

М. еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру және мәжбүрлі бос жүрген жұмыс уақыты үшін жалақысын өндіру туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талап қойып, Астана қаласының Алматы аудандық сотында жүгінді.

Талап қоюға жұмыс берушінің талап қоюшымен екі арадағы келісімшартты заңсыз әрі негізсіз бұзып, жұмыстан шығару тәртібін сақтамағаны туралы уәж келтірілді.