Архив событий

23/02/2023

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

23/02/2023

Астана қаласының сотында судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды талқылау мәселесі бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес отырысына Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот кеңесінің өкілдері қатысты.

Отырыста судьялыққа 42 кандидаттың материалдары қаралды.

Отырыс нәтижесі бойынша 42 кандидаттың барлығы оң қорытындыға ие болды.

Бопсалау және адамды заңсыз бас бостандығынан айыру туралы іс бойынша үкім заңды күшіне енді

23/02/2023

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2022 жылғы 10 қарашадағы үкімімен А., Ж., Д. ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы және 126-бабы 2-бөлігінің 1,3) тармақтары бойынша сотталды.

Алаяқтық туралы іс бойынша үкім күшіне енді

23/02/2023

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 12 қаңтардағы үкімімен Н. алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Жәбірленушілердің мүліктік зиянды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары толық көлемде қанағаттандырылды.

Жария-құқықтық дау бойынша тараптар сотта татуласты

23/02/2023

Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы К.-нің жеке сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулы шығару жөніндегі іс-қимылды заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімімен келіспеген талап қоюшы апелляциялық шағым түсірді.

Сот борыш бойынша дауды қарады

23/02/2023

Сот қарызға көп мөлшерде ақша алып, оны ұзақ уақыт бойы қайтармаған азамат Ш.-ға қатысты бірнеше азаматтық істерді қарады.

Осындай талап қоюшылардың  бірі К. болып табылады, жауапкер одан қарызға 45 млн. теңге қарыз алған.

Сотта жауапкер қарыздың көп бөлігін қайтарғанын дәлелдеуге тырысты, бірақ сотта ол расталмады, қарызды қайтару туралы ұсынылған қолхаттарды талап қоюшы емес, жауапкердің өзі жазған.

Сондықтан сот қарыздың барлық сомасын өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.