Архив событий

16/02/2023

Жүргізуші масаң күйдегі жүргізушіге көлік құралын басқаруды тапсырғаны үшін 15 тәулікке қамаққа алынды

16/02/2023

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көлік құралын басқаруды алкогольдік масаң күйдегі адамға беру фактісі бойынша Б.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарынан жол полициясы қызметкерлері Б.-ның масаң күйде болған Р.-ға көлік құралын басқаруды тапсырғаны анықталды.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық

16/02/2023

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 640 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.         

Елорданың үш тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды

16/02/2023

2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты С.-ны, Ж.-ны және Ж.-ны алаяқтық фактісі бойынша соттады (ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы).

Тағылған айып:

2022 жылы С., Ж. және Ж. «Крыша.kz» сайтында  алдау арқылы пәтерді жалға беру туралы хабарландыру орналастырған, бұл ретте жалға берілетін тұрғын үй бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және алдын ала төлем жасау сылтауымен олар 19 жәбірленушіден 190 мың теңгеден астам сомаға ақшалай қаражат алған.

Сотта

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

16/02/2023

Астана қаласының сотында судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды талқылау мәселесі бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес отырысына Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот кеңесінің өкілдері қатысты.

Отырыста судьялыққа 7 кандидаттың материалдары қаралды.

Отырыс нәтижесі бойынша 3 кандидат оң қорытындыға,  4 кандидат теріс қорытындыға ие болды.