Сот полиция қызметкері мен пара берушіге қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2023 жылғы 2 ақпанда Алматы ауданының №2 аудандық соты полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Н. және колледж оқытушысы К.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады.

Тағылған айып

2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың желтоқсан айына дейін Астана қаласында Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Н. бірнеше рет алаяқтық жасаған, яғни жеке куәліктерін ауыстыру кезінде азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны және тұрғын үй иесінің жазбаша келісімінсіз және болуынсыз тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеген, өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеттері үшін заңсыз пара алған.

Сотта

Прокурор айыптауды қолдады.

Сотталушы К. өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініш білдірді.

Сотталушы Н. өз кінәсін мойындамады.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, сотталушының ақша қаражатын аударғанын растаған куәгерлердің айғақтарымен, сотталушы К.-нің айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен дәлелденді.

Сот К.-нің бес жас балаларының болуын, кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, сондай-ақ Н.-ның жүктілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сот төтенше жағдайлар кезінде Н.-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасауын, қабылданған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ауырлататын мән-жайлар деп таныды.

Баптардың санкциясы айыппұл немесе 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот үкімі

Пара алуда және алаяқтықта Н.-ның кінәсінің дәлелденуіне байланысты (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы, 190-бабы 3-бөлігінің 2,4) тармақтары) сот Н.-ға пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындады, бұл 3,3 млн.теңгені құрайды. Сондай-ақ, Н. «полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды.

К. пара бергені үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 367-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы) және пара сомасының 50 еселенген үштен екісі мөлшерінде айыппұл салуға үкім шығарылды, бұл 500 мың теңгені құрайды.

К. және Н.-ға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты