Сот LRT ісі бойынша үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылы 28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елордада LRT, BRT/ITS жобаларын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқырған тұлғаларға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Кім сотқа берілді

  - «Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің экс-басшысы Р.М.Аманжолов – қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде ақшаны жымқыруға жәрдемдескені, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін (ҚК-нің 235-бабының 3-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігінің «а, б» тармақтары).

- «MG-Pro» директоры (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуші) Д.С.Әбдіхамитов - аса ірі көлемде ақшаны жымқыруға жәрдемдескені, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін (ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігінің «а, б» тармақтары, 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 1), 2) тармақшалары).

- «Nur Trade Astana» ЖШС директоры (жобаны басқару жөніндегі кеңесші) У.И.Ачилов - аса ірі көлемде ақшаны жымқыруға жәрдемдескені, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін (ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігінің «а, б» тармақтары, 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 1), 2) тармақшалары).

- «Геобур» ғылыми-өндірістік фирмасы» ЖШС директоры (қосалқы мердігер ұйым) Т.Н.Қасабаев, Астана қаласының әкімдігі Қаржы басқармасының бастығы Ж.Г.Нұрпейісов, «Астана Инновейшн» АҚ Басқарма төрағасы Т.С.Әшім, «Rimteks»  ЖШС директоры Д.Б.Мусенов - аса ірі көлемде ақшаны жымқыруға жәрдемдескені үшін (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігінің «а, б» тармақтары).

Заң соттың істі тек сотталушыларға және тағылған айып шегінде қарауын талап етеді. Басқа тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ҚК-нің өте ауыр бабымен соттауға – тыйым салынған.

Сот нені анықтады

Астана қаласы әкімдігінің және «Астана LRT»-нің жауапты тұлғалары ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.

(Оларға қатысты іс  халықаралық іздестіру жариялануына байланысты бөлек іс жүргізуге бөлектеніп алынды. Заң бойынша оларға үкім шығарылмағандықтан, аты-жөндерін жария етуге болмайды).

Қылмыстық топтың мақсаты "Астана LRT" жобасы (жаңа көлік жүйесін салу)  бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, консультациялық қызмет көрсетуге және техникалық қадағалауға бөлінген ақша қаражатын жымқыру болған.

Бұл үшін қылмыстық топқа Астана қаласы әкімдігінің, «Астана LRT»-нің жауапты тұлғалары және жекеше компаниялардың директорлары тартылған.

Қылмысты ұйымдастырушылар Аманжулов пен Нұрпиисовтің қатысуларымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, консультациялық қызмет көрсету және техникалық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерге шығындарды асырып бекіткен.

Өз кезегінде, мердігер ұйымның директорлары – Ачилов, Қасабаев, Мусенов, Әбдіхамитов қосалқы мердігер компаниялармен жоғары бағамен жалған шарттарға отырған және жалған кәсіпорындар арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған, Нұрпейісов пен Әшім экономикалық қорытындысын бекіткен.

Тапсырыс берілетін қызмет көрсету құны 20 еседен артық ұлғайтылған. Шартта көзделмеген қызметтерге ақы төленген. Ал қызметтер іс жүзінде толық көлемде көрсетілмеген.

Мұның салдарынан мемлекетке 5,8 млрд теңгеден аса сомаға зиян келтірілген.

 

Сотталушылардың кінәсі немен дәлелденді

Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері куәлардың айғақтарымен, шот-фактуралармен, банк шоттарындағы үзінді көшірмелермен, шарттармен, жүкқұжаттармен, қол қойылған актілермен расталады.

Көптеген сараптама қорытындыларымен төлемдер аударылған актілердің жалған екендігі анықталды. Актілерге іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен көрсетілмеген қызметтер енгізілген.

Сарапшылар мен  аудит залал сомасын есептеп шығарды.

Сотталушылар Қасабаев пен Мусенов кінәларын мойындады.

Қасабаев келтірілген шығынды ішінара өтеді.

 

Тараптардың ұстанымы

Прокурор сотталушыларға 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші тарап прокурормен келісті.

Қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды, ал Мусенов пен Әшімге бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

 

Сот неліктен және қандай жаза тағайындады

ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігінің санкциясы (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұл - ауыр –ылмыс.

ҚК-нің 235-бабының 3-бөлігі (қызмет бабын пайдаланып ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) – 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Аса ауыр қылмысқа жатады.

ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі – 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ауыр қылмыс).

Сот жаза тағайындау кезінде заңда көзделген жеңілдететін мән-жайларды ескерді (ҚК-нің 53-бабы).

Барлық сотталушыларға қатысты – кәмелетке толмаған жас балаларының болуы, қылмысты алғаш жасауы ексерілді.

Сонымен бірге Әшімге, Қасабаев пен Мусеновке қатысты шын ниетпен өкiну, айыбын мойындап келу, Мусеновте – қылмысты ашуға, қылмыстың басқа да сыбайлас қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде ықпал етуі, Т.Н.Қасабаевта -  залалды ішінара өтеуі ексерілді.

Аманжолов пен Нұрпейісовтің берген антын бұзуы ауырлататын мән-жай деп танылды.

Әрбір сотталушының қылмыс жасаудағы ролі мен қатысу дәрежесін, келтірілген залалдың 45 млрд теңсінен тек 5,8 млн. теңгенін өтелгенін ескере отырып, сот:

Аманжуловты 10 жылға, Нұрпейісовті 8 жылға және Әшімді 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал Әбдіхамитовке, Ачиловке, Қасабаевқа 8 жылға және Мусеновке 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталушылардан және азаматтық жауапкерлерден 5 833 300 827 теңге залал сомасы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты