Архив событий

21/05/2021

Ювеналды сот ұжымы сенбілік өткізді

21/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы сот ғимаратына іргелес аумақты тазалау және абаттандыру, сондай-ақ ішкі үй-жайларды жинау бойынша сенбілік өткізді.

Іс-шараға судьялар, қызметкерлер және техникалық персонал қатысты.

Сенбілік барысында сот ғимаратының аумағын қоқыстан санитарлық тазалау, бордюрлерді әктеу, сондай-ақ жұмыс орындарын, сот отырыстарының залдарын және қосымша үй-жайларды жинау жүргізілді.

 

 

Балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-аналар жауапкершілігінің аражігін ажырату

21/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өтті, соның барысында карантин жағдайында балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-аналардың жауапкершілігін шектеу мәселесі талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына соттың судьялары Жанаргүл Алпысбаева, Динара Макарьина, "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы Әйгерім Ибрагимова, елорданың аудандық ювеналды полиция бөлімдерінің өкілдері қатысты.