Архив событий

04/05/2021

Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

04/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы № 2 аудандық соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін кінәлі деп танылған Н. - ға қатысты айыптау үкімін жариялады (ҚК-нің 346-бабының       1-бөлігі).

Н. масаң күйде көлік құралын жүргізгені үшін Ақмола облысы Степногорск қалалық сотының 2017 жылғы қаулысымен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан       (ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі) көлікті жүргізген.

Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді.

Сот қызметкерді жұмысына қайта орналастырып, жұмыс берушіден моральдық зиянды өндірді

04/05/2021

Елорда тұрғыны А. «Н» республикалық мемлекеттік мекемесінде 15 жылдан астам кітапханашы қызметін атқарған болатын. Жұмыс беруші 2020 жылғы желтоқсанда талап қоюшының бір жұмыс күні ішінде қатарынан үш сағат бойы дәлелді себепсіз жұмыста болмағаны туралы актінің негізінде еңбек шартын бұзды.

Сот процесінде жауапкердің өкілі А. - ның басшылықты ескертпей жұмыс орнынан өз бетінше кетіп қалғанын айтты. Бұл жұмыстан босатуға әкеп соқтырған еңбек тәртібін бұзу болып табылады.

Сот жұмысшылардың құқықтарын қалпына келтірді

04/05/2021

Елорда тұрғындары Д. және А. "Л" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалақы бойынша берешекті, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны өндіріп алу және зейнетақы аударымдарын жүргізуге мәжбүрлеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот отырысы барысында ерлі-зайыптылар болып табылатын талап қоюшылардың аталған ЖШС-де еңбек шартын жасаспай, бас бухгалтер және жүргізуші болып жұмыс істегені анықталды. 2017 жылы ұйымның қаржылық қиындықтарына байланысты қызметкерлерге жалақы уақытылы берілмеген, бұл куәгерлердің айғақтарымен расталады.