Архив событий

24/05/2021

Сот мұраға құқық туралы дауды шешті

24/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты З. - ның талап қоюшыны мұраны қабылдаған деп тану және бұрын берілген мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы жауапкерлер К.- ға және Р.- ға талап қою арызын қарады.

Іс материалдарынан азамат А. қайтыс болғаннан кейін оның туған қарындасы – жауапкер К. - нің  ағасы қайтыс болғаннан кейін зейнетақы жинақтарын төлеу сомасы түрінде мұрагерлік мүлікке мұрагерлік құқығы туралы куәлік беру үшін жауапкер – нотариус Р. - ға жүгінгені байқалады. К. осыдан кейін 1 миллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарының сомасын алған.

Сот берешекті өндіріп алу туралы дауды қарады

24/05/2021

Нұр-Султан қаласының Есіл аудандық сотында жауапкер Т.-ға берешек сомасын өндіріп алу және тұрақсыздық айыбын төлеу туралы П.-ның талап арызы қаралды.

Тараптар арасында 400 000 теңгеге жуық сомаға берешекті өтеу туралы екі келісім жасалған, алайда жауапкер келісімде белгіленген мерзімде борышты қайтару бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Өз кезегінде Т. өзінің талап қоюшымен еңбек қатынастарында бірге болғанын, П.-ға тиесілі барбершопқа шебер болып жұмыс істегенін түсіндірді.

Сот қарызды өндіріп алу туралы дауды шешті

24/05/2021

Жеке кәсіпкер "Ю" елорданың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жауапкер "Ж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне орындалған жұмыстардың актілерін жарамды деп тану және борышты өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Сот тараптар арасында желдету жабдығын жеткізуге шарт жасалғанын анықтады, соның шарттарына сәйкес жауапкер 5,5 миллион теңге сомасына нысанды одан әрі монтаждай отырып, желдету жабдығының мырышталған конструкцияларын орнатуға міндеттенеді. Шарттың талаптары бойынша жауапкер 3,5 миллион теңге мөлшерінде алдын ала төлем аударған.