Архив событий

14/05/2021

Балаларды төбелесуге арандатқан ер адаммен болған оқиға немен аяқталды?

14/05/2021

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде үлкен дүрбелең тудырды.

Құқық қорғау органдарының ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғағанын хабарлаймыз.  

Істі 2021 жылғы 14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сотта И.-дың қоғамдық жерде, атап айтқанда тұрғын үйдің ауласында жүргенде, 2012 жылы туған ұлының және 2010 жылы туған басқа кәмелетке толмаған баланың бір-бірімен төбелесуге арандатқанын анықтады.

Апелляция Е. Біртановті үйқамақта ұстауды өзгеріссіз қалдырды

14/05/2021

2021 жылғы 14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Е.Біртановтың қорғаушыларының  үйқамақты 8 айға дейін, яғни 2021 жылғы 14 маусымға дейін ұзартуға санкция берілген тергеу сотының 2021 жылғы 6 мамырдағы қаулысына жеке шағымдарын қарады.

Адвокаттар бұлтартпау шарасын ұзартудан бас тартуды сұрады.

Алқа тергеу сотының қаулысымен келісіп, оны өзгеріссіз қалдырды.

Сот еңбек дауы бойынша талап арызды қарады

14/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты Н.-ның жауапкер "К" акционерлік қоғамына тәртіптік жауапкершілікке тарту және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтардың күшін жою туралы, жұмысқа қайта алу, амалсыз жұмыста болмаған күндері үшін жалақы бойынша берешекті өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы  талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот Н.-ның "К" АҚ Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы бола отырып, лауазымдық міндеттерін атқару процесінде бірнеше рет бұзушылықтарға жол бергенін және дәлелді себепсіз жұмысқа жүйелі түрде кешігіп келгенін анықтады.

Сот моральдық залал өтемақысын өндірді

14/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты азамат Т.-ның жауапкерге қатысты моральдық залалды өтеу туралы талап арызын қарады.

Өткен жылдың шілде айында тараптар тұратын үйдің паркингі жанында екі тараптың арасында жанжал болған.

Әкімшілік соттың қаулысымен азамат М. талап қоюшының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Сарыарқа аудандық сотының 2021 жылғы 11 қаңтардағы шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 50 000 теңге моральдық залал және 300 000 теңге шығын өтемі өндірілді.