Архив событий

13/05/2021

Балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы дау медиация жолымен реттелді

13/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап қоюшы Н.-ның бұрынғы зайыбы жауапкер Г.-ге кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арызы келіп түсті.

Сот тараптардың асырауында үш бірлескен баласының бар екенін, олардың тұратын жерін анықтау кезінде тараптардың нақты неке қатынастарын бұзғаннан кейін келісімге қол жеткізе алмағанын анықтады.

Сот отырысы барысында кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары дауды медиативтік келісім жасасу арқылы шешуге ниет білдірді.