Архив событий

18/05/2021

Сот Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыз туралы іс бойынша күдіктіні қамауға алуға санкция берді

18/05/2021

2021 жылғы 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат М.-ны саралау ұсынылғанға дейін 10 тәулік мерзімге дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазіргі таңда, М. Грузия Республикасында жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен пайдалану мақсатында А-ға қатысты мәміле жасады деп күдіктелуде, бұл абайсызда оның өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

Күдіктінің іс-әрекеттері сараланғаннан кейін одан әрі бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешілетін болады.

 

Сот берешекті өндіріп алу туралы дауды қарады

18/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотында жеке кәсіпкер «К.»-нің жауапкер Н.-ға берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызы қаралды.

Тараптар арасында автомобильдің шанағына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтерді орындауға ауызша мердігерлік шарт жасалған, оның шарттары бойынша талап қоюшы 1 ай ішінде 310 000 теңге мөлшеріндегі сыйақыға машинаны жөндеуге міндеттенген. Жауапкер алдын ала төлем ретінде көрсетілген соманың жартысын төлеген.