Архив событий

12/05/2021

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» мекемесінің бұрынғы атқарушы директоры А.К. Кульчиковке қатысты үкім шығарылды

12/05/2021

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы № 2 соты «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» корпоративтік қорының (бұдан әрі – «Астана» ПКСК) бұрынғы атқарушы директоры А.К. Кульчиковке және «Astana Pro Team» велокомандасы» жеке мекемесінің атқарушы директоры Л.М. Шамшиеваға және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін жариялады.

 

Сот мына мән-жайларды анықтады.

 

Сот қарызды өндіріп алу туралы дауды қарады

12/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық соты бес жауапкерге берешек сомасын өндіріп алу туралы "У" пәтерлердің меншік иелері кооперативінің талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында жауапкерлердің бекітілген тарифтерге сәйкес үйішілік жүйелерге техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындар бойынша пайда болған берешекті өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағандығы анықталды.

Үйді ұстау қызметтеріне уақтылы ақы төлеу бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді бұзудың салдарынан талап қоюшы сотқа жүгінген.

Сотта қызметкердің құқықтары қорғалды

12/05/2021

"Байқоңыр" аудандық сотында елорда тұрғыны М.-ның "Х" АҚ-дан жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы қаралды.

2014 жылғы 27 маусымда тараптар арасында еңбек шарты жасалған, соның шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыны ішкі қауіпсіздік жөніндегі маман ретінде жұмысқа қабылдаған.

2020 жылы еңбек шарты штаттың қысқартылуына байланысты жұмыс берушінің бастамасымен бұзылған. Алайда, жұмыс берушінің талап қоюшы алдында 220 300 теңге жалақы бойынша берешегі бар.