Архив событий

17/05/2021

Сот сақтандыру төлемінің сомасын өндірді

17/05/2021

Нұр-Cұлтан қаласының Есіл аудандық соты К.-ның "Е" акционерлік қоғамынан сақтандыру төлемі сомасының айырмасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот жол-көлік оқиғасы салдарынан талап қоюшының автомобиліне материалдық залал келтірілгенін анықтады. Елорданың әкімшілік сотының қаулысымен апатқа кінәлі адам жауапқа тартылған.

Талап қоюшы сақтандыру төлемін алу үшін "Е" АҚ-ға өтініш жасаған, алайда жүргізілген төлем сомасымен келіспеді, осыған байланысты өтемақы алуға заңды құқығын қалпына келтіру үшін сотқа жүгінді.

Ювеналды сотта бала асырап алуға байланысты істерді қарау тәжірибесі талқыланды

17/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өтті, соның барысында бала асырап алуға байланысты істерді қарау тәжірибесі талқыланды.

Апелляция өтемақының түпкілікті сомасын анықтады

17/05/2021

Елорда сотының Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы К. - ның "Д" мемлекеттік мекемесіне 1 миллион теңгеден астам мөлшерде денсаулыққа зиян келтіру салдарынан алынбаған жалақыны өндіріп алу туралы, 1,5 миллион теңгеден астам сомада материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша Сарыарқа аудандық сотының шешімін өзгертті.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан талап қоюшының денсаулығына жеңіл зиян келтіргені, соның салдарынан бір ай бойы науқастық демалыста болған.