Архив событий

11/05/2021

Залалды өтеу туралы дау медиация тәртібімен шешілді

11/05/2021

Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының соты жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залал сомасын өндіріп алу туралы жауапкер И.-ға К.-нің талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Жауапкердің кінәсі елорданың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының заңды күшіне енген қаулысымен расталады.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді және Азаматтық процестік кодексінің 179-бабының 4-бөлігіне сәйкес іс жүргізуінде жатқан судьяның рәсім жүргізуі туралы өтініш жасады.

Ұялы телефондарды сатумен айнылысқан алаяқ сотталды

11/05/2021

Елорда тұрғыны Л. алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет және ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталды.

Л. ұялы телефондарды сатып алумен және сатумен айналысып жүріп, «Instagram» әлеуметтік желісінде «H» аккаунтымен ұялы телефондар мен аксессуарларды Дубайдан жеткізу арқылы неғұрлым тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратқан.